МТРА жаңалықтары

Тайынша ауданында жаңа астық қабылдау кәсіпорны қолданысқа берілді

Ал Тайынша қаласындағы №5-ші орта мектептің мұғалімі Торғын Жұмабаева Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Жиында “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалының қатары тағы 5 азаматпен толықты. Сондай-ақ, Президент күніне арналған байқаудың қорытындысы да жарияланды. Көптің ішінен Тайынша агробизнес колледжінің 2-курс студенті Рустем Закировтың Елбасы жайлы жазған шығармасы үздік деп танылды.

Рустем Закиров – Тайынша агробизнес колледжінің студенті:

-Бала күнімде Президент болсам деп армандадым. Өсе келе елді алға жетелейтін білікті ел басқарушы қызметін кез келген адам атқара алмайтынын ұқтым. Нұрсұлтан Назарбаев – қиын-қыстау кездері Қазақстанды тығырықтан шығарған көреген саясаткер. Президентіміз біз сияқты жастарға үнемі көңіл бөліп, зор сенім артады.

Кейін, аудан тұрғындары мерекеге арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Бұл күн тайыншалықтардың естерінде тағы бір елеулі оқиғамен есте қалмақ. Аудан орталығында астық қабылдау пункті қолданысқа берілді. Құрылысы өткен жылдың қаңтарында басталған жобаның құны 1 миллиард 650 миллион теңгені құрайды. Кешенді салуда “Классик Агро” серіктестігі мемлекеттік бағдарламаға жүгінген.

Мамед Жашхунов – “Классик Агро” ЖШС құрылтайшысы, Тайынша ауданы:

-Нысан құрылысына қажет қаражаттың негізгі бөлігін “Қазагроқаржы” АҚ-нан лизингке алдық. Қалған 650 миллион теңге – жеке қаржымыз. Кәсіпорын іске қосылысымен 20 жұмыс орны пайда болды.

Түркиялық қондырғымен жабдықталған элеватор бірнеше бөліктен тұрады. Келер жылы кәсіпорын басшылығы диірмен цехы мен нысанның 2-ші бөлігін іске қосуды мақсат етуде.

 

 

Бакыт Садуакасов