Спорт

Петропавлда жаңа хоккей корты ашылды

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Біздің облысымызда спорт саласы дамып келеді. Биылғы жылы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен бірнеше футбол, хоккей алаңдары ашылды. Ал, қазан айында заманауи “Спорт сарайы” қолданысқа берілген болатын. Бүгін де жаңа хоккей кортының ашылуына куәгер болып отырмыз. Тұңғыш Президент күні таспасын қиған ғимараттың іске қосылуымен баршаларыңызды құттықтаймын.

Осыдан соң шаһар басшысы мектеп оқушыларынан құрылған “Тұлпар”, “Қайсар” командаларының мүшелеріне ойын формаларын сыйға тартты.
Жаңа корттың аумағы 1800 шаршы метрді құрайды. Ал, ішіндегі мұз 30х60 метр жерге құйылған.
Енді бұл жерде қаламыздың жас хоккейшілері шеберліктерін шыңдамақ. Оған қоса, аптаның демалыс күндері қала тұрғындары осында келіп коньки тебе алады.

Вадим Ахметшин – хоккейші:

-Мен достарыммен хоккей ойнағанды жақсы көремін. Бұрын далада желдің өтінде шайба қуалайтынбыз. Енді бүгіннен бастап осында келетін боламыз. Корттың іші тамаша. Маған ұнады.

Алдағы уақытта хоккей корттары қаламыздың әр шағын ауданында пайда болмақ.
Жақын күндері “Қарасай” стадионында тағы мұз айдыны ашылады. Әзірге, бұл маңда шаңғышылар жаттығуда.

Валерий Евдокименко, Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

 

-Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын барлығымз тыңдадық. Ұлт көшбасшысының алға қойған міндеттерін орындау үшін халықтың дені сау болуы керек. Бұл жайлы Президентіміз бірнеше рет айтты. Біздің облысымызда салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары артуда. Биылғы жылы қаламызда 29 шағын футбол алаңы мен 15 көпсалалы хоккей кортының ашылуы – осының дәлелі.

Бүгінде өңірде 334 қысқы спорт түрлерінің үйірмелері жұмыс істейді. Оларда 6 мыңнан аса адам жаттығады.

Култанов Байболат