МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында отбасылық парк-отель ашылды

Бұдан соң меймандар демалыс орнының ішін аралап көрді. Нысан бір уақытта бірден 50-ден астам адамды қабылдай алады. Мұнда барлығы 9 үй орын тепкен. Әр баспананың өзіне тиесілі атауы бар. Интерьері де сан түрлі. Қаладағы қарбаластан шаршаған тұрғындарға тыныш жерде, таза ауада демалып, осы жасыл аймақта бір серпіліп қалуға болады. Шағын ғана көшелер, айнала қоршаған жасыл желек, адамды бейне бір жайлы мекенге келгендей сезімге бөлейді. Артықшылықтары әлі де бар дейді мұндағылдар.

Максим Калинин – «Green Рark» таңдаулы отбасылық парк-отелінің құрылтайшысы:

-Демалыс орнының өзгелерден ерекшелігі оның бағасы мен көрсетілетін қызметтерінде. Мұндай нысандар бізде жоқ. Үйді бір тәулікке жалдау 40 мың теңге тұрады. Онда 15-ке жуық адам демала алады. Ал кейін шаңғы тебу, конькимен сырғанау, бассейн, балалар алаңқайлары, монша, амфитеатр, аниматорлар қызметін тегін пайдалануға болады.

Демалыс орнының ашылуына орай мұнда келушілерге арналып шағын мереке ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері кішкене бүлдіршіндермен ойындар ойнап, көңіл-көтеретін түрлі бағдарламалар өткізілді.

-Балалар үшін тіптен жақсы. Жаңа жылды осында қарсы аламыз деген ой туындады. Орналасқан жері де тамаша екен.

-Мұндай демалыс орындарының болғаны, әрине жақсы. Жазда да, қыста да келіп демалуға болады. Оның үстіне қыста шаңғы теуіп, ит, ат жегіп серуендеуге болады. Бұл тамаша емес пе? Бұрын-соңды ондай бізде болған емес.

Осынау 20 гектар аумаққа жайғастырылған демалыс орны солтүстікқазақстандықтардың тағы бір сүйікті нысанына айналмақ. Жалпы оның құрылысына 180 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Айта кету керек, мұнда 25 адам жұмыспен қамтылып отыр.

 

 

Магжан Ахмадина