МТРА жаңалықтары

Ұлттық банкке жаңадан 4 монета келіп түсті

Ескендір Сүлейменов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

–  «Мешін жылы» тақырыбындағы күмістен және алтыннан құйылған екі шақаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Тиындардағы өрнектер бірден көздің жауын алады. Өте әдемі. Күмістің бағасы – 10 мың теңге, ал алтынның құны – 84 мың теңге тұрады.

Сондай-ақ, номиналы 500 теңге болатын «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс шақасы айналымға шығарылды. Айта кету қажет, бұл тиынның ерекшелігі сол – қасбетіндегі құстың суреті өзгелеріне қарағанда түрлі-түсті.

Ескендір Сүлейменов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

 

– “Шыбыншы торғай” монетасы 925 сынамалы таза күмістен жасалған. Оның салмағы – 31,1 грамм. Ал, бағасына келетін болсақ 10 мың 800 теңгені құрайды. Шақаның беті томпография әдіс арқылы безендірілген.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан күмістен жасалған «М. Ғабдуллинге 100 жыл» атты ескерткіш шақасын да айналымға шығарды. Бұл 925 сынамалы күмістің таралымы – 1 мың дана.

Риат Шони