МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Сән сахнасының жұлдызы” атты халықаралық фестиваль өтті

Тіпті, шет мемлекеттерде өтетін барлық сән жиынына қатысып, жүлделі орынды иемденбей кетпейтін көрінеді. Өйткені, олар әр көйлектің дизайны мен тігілуіне, берер мағынасына үлкен көңіл бөледі.

Светлана Петрягина – «Светлана» сән мектебінің жетекшісі, РФ:


–  Біздің ұжымның құрылғанына 27 жыл болды. Мектебімізде 6 мен 21 жас аралығындағы шәкірттер бейнелеу өнерімен, тігін ісі, модельдеу, ритмика және киім үлгілерін дайындаумен айналысады. Әлемге танымал ресейлік дизайнер Вячеслав Зайцевпен де жұмыс жасаймыз. Әр туындының сапалы әрі әдемі шығуына үлкен мән береміз.

Яна Краскова – «Светлана» сән мектебінің тәрбиеленушісі, РФ:

– Мына коллекциямыз “Примавелла” деп аталады. Бұл көйлектер арқылы біз халыққа көктемгі көңіл-күйді жеткізгіміз келді. Идеямыз ұнады деген сенімдемін. Біз осыны жасап шығару үшін бір жылға жуық еңбектендік.

Айту керек, халықаралық байқауда ел намысын «Томирис» ұжымы қорғауда. Жергілікті сән үйінің коллекциясы көптің көңілінен шығуда. Олардың киімдер топтамасының ерекшелігін, тіпті, бәсекелестері де мойындауда.

Анна Слюсарева – «Светлана» сән мектебінің тәрбиеленушісі, РФ:

– Бүгін сахнаға шыққан қатысушылардың ішінде маған ерекше көрінгені бұл – петропавлдық «Томирис» ұжымы. Киімдер топтамасы керемет. Ерекшелігімен бірден көзге түседі.

Ал, ресейлік «Яблоко» сән мектебі осыдан бірер ай бұрын ғана құрылған. Топ мүшелерінің арасында мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Бүгін олар көпшілікке жаңа коллекцияларын көрсетті. Көрерменге ұнағаны соншалық, орындарынан тұрып қол соқты.

Галина Марьян – «Яблоко» сән театрының жетекшісі, РФ:

– Бұл біздің халықаралық фестивальге алғаш қатысуымыз. Өте қобалжыдық. Бірақ, көрермендер орындарынан тұрып қол шапалақтап, бізге өздерінің жоғары бағасын берді, қуаныштымыз. Жалпы біздің тобымыз өзгелерден ерекше. Өйткені, сәнгерлер қатарында мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Олар өздерін қоғамннан шеттетпеуі тиіс.

Фестивальға қатысқан жергілікті “Томирис” пен ресейлік “Колорит” ұжымдары “Этностиль” кезеңінде жеңімпаз атанса, “Костюм-көркем бейне” атты номинацияда “Яблоко”, “Любава”, “Светлана” сынды сән мектептерінің тәрбиеленушілері үздік деп танылды.

Айгерим Ержанова