МТРА жаңалықтары

Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында салтанатты жиын өтті

Айдарбек Сапаров – облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– Осымен 4-ші жыл аталып келе жатқан бұл мерекенің барлық қазақстандықтар үшін маңызы зор. Егемендігін алып, Тәуелсіздіктің туын тіккен еліміз 24 жылдың ішінде талай асудан асып, биіктерден көрінді. Осының басы-қасында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрды.

Бұдан кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімінің құрмет грамоталары табысталды. Солардың қатарында облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Абай Оспанов та бар. Ақ халатты абзал жан осы салада 20 жылдан бері мінсіз қызмет етіп келеді.

Абай Оспанов – облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

– Бүгін міне менің талай жылығы еңбегімді бағалап, облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы осы залға шақырып отыр. Құрмет грамотасымен марапаттап жатыр, соған рахмет. Медицина саласына келер болсақ, көп жұмыстар атқарылған, әлі де атқарыла береді. Құрал-жабдықтар алынып, көп жұмыстар істелініп жатыр. Соған өте қуаныштымыз, Президентімізге рахмет айтамыз.

Ал, Аққайың ауданындағы №9-шы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Қайырбек Ыбыраев облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Қайырбек Ыбыраев – Аққайың ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі:

– Маған Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің алғыс хаты беріліп жатыр. Менің өрт сөндіру бөлімінде істеп жатқаныма 10 жыл болды. Алғашқы қызметімді №1 өрт сөндіру бөлімінде атқардым.

Кейін, залға жиналған жерлестеріміздің құрметіне жергілікті өнер ұжымдары би мен әсем әннен шашу шашты.

Бақыт Сәдуақасов.