Білім

Келер жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдер жалақысы 29%-ға артады

Сондай-ақ, шет елдерден білікті оқытушыларды шақырту да ойда бар. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Айғаным Ұланова Жолдауды мұқият тыңдапты. Мектептің келер жылғы түлегі техникалық маман иелерін арттыру экономикамыздың өсуіне сеп болады дейді.

Айғаным Ұланова – оқушы:

– Қазақстандықтарға берілген үлкен мүмкіндік бұл – техникалық мамандыққа тегін білім алу. Бұл болашақ біз сияқты мамандар үшін көмек. Осы арқылы еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

Оған қоса, 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары артады. Бұл туралы Ұлт көшбасшысы өз жолдауында мәлім етті. Әсіресе, Президент мұғалімдердің айлық еңбекақыларын 29% пайызға өсіруді баса айтты. Болашақ ұрпақтың заманға сай білікті маман атанулары үшін тер төгетін ұстаздарға бұл үлкен көмек.

Жадыра Зұлқарнаева – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі:

– Елбасы келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақыларын өсіру жайлы айтты. Бұл біздің жұмысымыздың жоғары дәрежеде бағалануы деп білемін.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интарнатында бүгінде 400-ден астам оқушы білім алуда. Оларға 49 мұғалім сабақ береді. Биыл мектеп қабырғасынан 47 түлек үлкен өмірге қанат қақпақ.

Култанов Байболат