Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнады

Ұлт Көшбасшысының саясатын солтүстікқазақстандықтар да қолдауда. Олардың қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, жерлесіміз Геннадий Зенченко да бар. Облысымыздың Құрметті азаматы сонау 90-шы жылдарды еске алып, еліміздің дәл сол қиын-қыстау кезде тайсалмай дағдарысты бастан өткергенін еске алды. Сондықтан да Мемлекет басшысының жаңа стратегиялық құжаты елімізді бүгінгі жағдайдан да еш уайымсыз алып шығатынына сенімдімін деді Геннадий Зенченко өз сөзінде.

Геннадий Зенченко – ҚР Еңбек Ері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

– Елбасымыз бұл жолғы Жолдауында нақты міндеттерге тоқталып және оны түсіну қажет екенімізді атап өтті. Жаңа реформаны қолдауымыздың арқасында ісіміздің оңға басатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарымыздың барлығы жүзеге асады деп батыл түрде мәлімдеді. Менің ойымша, қысқы уақытта адамдарды жұмыспен қамтамасыз ете алмайтын миллион гектар жерлері бар қалталыларға қатысты міндетті түрде шара қолдану қажет. Сондықтан, ауыл шаруашылығын жекелей қарап, қаражатты /// пайда келтіретін салаға бөлу керек деп ойлаймын.

 

Айгерим Ержанова