МТРА жаңалықтары

Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады

Мұхтар Манкеев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Бір ғана салада жұмыс жасамай түрлі өнімдерді дайындап келесіздер. Зауыт осындай өнімдерімен танымал болып келе жатыр.

Кейін бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында 37 жылын сүйікті ісіне арнаған Бақытжан Құқанов та бар.

Бақытжан Құқанов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ темір ұстасы:

– Зауыт жұмысы жақсы. Тапсырыстар бар. Ептеп істеп жатырмыз.

Бұл күні үздік қызметкерлерін кәсіпорын басшылығы да назарсыз қалдырмай, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Айдос Шаяхин – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ инженер-құрастырушысы:

– Осы зауытта мен инженер-құрастырушы болып 2 жыл еңбек етіп жатырмын. Жұмысым қызықты, өзіме ұнайды. Өз білімімді қолданатын жер бар.

Кейін зауыттықтар бір адамдай жиылып, Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауын тыңдады. Ол – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталды.
Әлемдік дағдарыс етекке жармасқан сайын, нақты өсімді қамтамасыз етіп, реформаларды құру керек. Ал ең бастысы қандай салада болмасын даму, жаңғырту шараларын жүргізу қажет. Елбасы қазіргі қысылтаяң кезде «біріміз бәріміз, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып өмір сүру керек деді. Яғни, қандай жағдай болмасын береке-бірлігіміз мығым болуы шарт.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы басталғанын, яғни шикізаттық ресурстардан тәуелсіз экономика құрылып жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Драйверами экономического роста в Казахстане становится новые сектора экнономики, создаваемые в рамках инновационной индустриализации. Реализовано более 80 индустриализации проектов.

Бүгін қазақстандықтар тағы бір тарихи оқиғаның куәгері атанды. 30 қарашада еліміз Бүкіләлемдік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанып отыр. Бұл республикамыздың тауар өндірушілері мен бізге келетін шетелдік инвесторларға да үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Енді еліміздің компаниялары ұйымға мүше 100-ден астам мемлекетпен бәсекеге түспек. Жарияланған маңызды құжатта Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарға тағы бір көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Өйткені, 2017 жылдан бастап елімізде «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бастау алмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сондықтан, Қазақстанның жас азаматтарына айтарым, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін.

Мемлекет басшысы орайы келгенде ауқатты адамдардың да ойланатын кезі келгенін жеткізді. Яғни, кәсіпкерлер мемлекеттің мүмкіндігі арқылы қол жеткізген қаржыларын ресми заңдастыруы тиіс. Бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасқан Жолдауды тыңдаған зауыттықтар Елбасы сөздерінен зор әсер алғандарын айтты.

Михаил Войсковой – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас инженері:

 

– Біздің басты міндетіміз – Елбасының осы Жолдауында жүктеген тапсырмаларды орындауға бірігіп кірісу. Сондықтан, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргендіктен біз жасаған өнімімізге бұдан да зор ұқыптылықпен қарап, сапаға ерекше көңіл бөлеміз. Жаңа өндіріс енгізіп, жаңғырту шараларын күшейтеміз.

Жолдау соңында Елбасымыз барды бағалап, жоқты жасай білетін ел ұрпағына ерекше сенім артатындығын жеткізді.

Магжан Ахмадина