МТРА жаңалықтары

Қызылжар орталық мешітіне 10 жыл

“Қызылжар” орталық мештінің аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. 750 адамға шақталған. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған қос залдан бөлек, 250 орындық асхана, 200 орындық ас беру залы, неке залы, кітапхана мен екі дәрісхана бар.

-Жұма – мұсылман қауым үшін күндердің қасиеттісі. Бұл күн Қызылжар орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті де бүгінгі Алла үйіне жиналған жамағат саны ерекше көп.

Елеулі оқиғамен жергілікті мұсылман қауымды өңір жетекшісінің атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова, облыс әкімінің орынбасары:

-СҚО әкімінің атынан барша мұсылмандарды “Қызылжар” орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл ғимарат қалаға көрік беріп тұр.

Бүгін жаңа мешіт алғаш кезде бас имам қызметін атқарған Яхия қажы Абдоллаұлы да осында.

Яхия қажы Абдоллаұлы:

-Мен осы мешіт ашылғаннан бастап 7 жыл қызмет істедім. Жастардың мешітке келуі қуантады.

Сондай-ақ, жиынға мешіттің құрылысына ат салысқан теріскейлік азаматтар да арнайы шақырылған. Оларға мешіт тарапынан құрмет белгілері мен алғыс хаттар табысталды. Марапатқа ие болғандардың бірі – кәсіпкер Болат Әбілмәжінов.

Болат Әбілмәжінов, “Кантемир-Агро” ЖШС директоры:

-Бала күнімізде мешітке тек ата-әжелер ғана бару керек деп ойлайтынбыз. Қазір өзіміз де иман жолына түсіп, құлшылық жасау мұсылманға парыз екенін ұқтық.

Жиын соңында қонақтар Қызылжар орталық мешітінің ас беру залында мерейтойға арнап жайылған мол дастарханнан дәм татты.

 

Акбопе Танирберген