Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов азаматтарды қабылдады

Мирболат Андағұлов – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 11-сынып оқушысы:

-Қазіргі кезде Елбасымыз туризм мен өлкетану бағытына басымдық беруде. Сондықтан біздің ғылыми еңбегіміз СҚО туризм саласындағы өзекті мәселелерін шешетін инновациялық туынды деп айта аламын.

Қоғамдық қабылдауда жас өнертапқыштың ұсынысын тыңдаған “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалынының төрағасы Ерік Сұлтанов жобаны жетілдіріп, қолданысқа енгізуге болады деді. Бұл тапсырманы орынбасары Мұхтар Манкеевке жүктейтіндігін айтты.

Ерік Сұлтанов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Орынбасарыма айтамын. Сіздердің ұсынған жобаларыңызды қарасын. Әлі де жетілдірер тұстары бар екен. Мен Мұхтар Манкеевтың ғылыми еңбек жайлы ойын білейін, ақылдасайық. Сосын көре жатармыз.

Ал Татьяна Новикова “Пульс” би ансамбліне қаражат сұрап келді. Мүгедек балалардан жасақталған өнер ұжымы алдағы уақытта Түркия елінде өтетін халықаралық фестивал-байқауға қатысқылары келеді екен.

Ерік Сұлтанов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

-Өтінішіңізді қалдырыңыз. Жақын күндері қарастырамыз. Бірақ сізге қанша қаражат беретінімізді нақты айта алмаймын.

Іскер әйел Марина Богданованың нан-тоқаш өнімдерін әзірлейтін цехы бар. Нәзік жанды өндіріс көлемін ұлғайтпақшы. Ол үшін аумағы 300 шаршы метрді құрайтын нысан қажет. Жетекші партия филиалынының төрағасы Ерік Сұлтанов бұл мәселенің аяқсыз қалмайды деді. Жалпы осы күні кездесуде айтылған 5 азаматтың ұсыныс-тілегі жіті бақылауға алынбақ.

Берик Касен