Спорт

Петропавлдық “Құлагер” елордалық “Астананы” 3-0 есебімен тізе бүктірді

Бұдан кейін елордалық жас хоккейшілер Максим Грязновтан айлаларын асырғылары келіп, бірнеше жойқын соққылар бағыттады. Бірақ, нәтижесіз. Осылайша шайба бейтарап аймақта бір команданың иелігінен екіншісінікіне ауысып отырды. Ал алғашқы периодттың аяқталуына 5 секунд қалған кезде шабуылшы Артем Сенькевич есепті еселей түсті.

Осылайша, командалар бірінші периодты 2-0 есебімен аяқтады.

-Әрине, біздің құрама мықты. Басымдық солардың қолында. Есеп 4-0 болады деп ойлаймын.

Айта кету қажет, бүгін жерлестеріміздің ойынын тамашалауға бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем кубогінің күміс жүлдегері Серік Нұрқазов та келіпті.

Серік Нұрқазов – бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, әлем кубогінің күміс жүлдегері:

-Хоккей – футбол секілді бұқаралық спорт. Бүгінгі кездесу соның дәлелі. Алаңда қаншама жас спортшылар ойнап жүр. Хоккей – нағыз ерлердің спорты. Маған қос команданың ойын өрнегі ұнап отыр.

Ал кездесудің екінші кезеңі тең дәрежеде өтті. Елордалықтар сауатты қорғанып, сәті түскенде қарымта шабуылдарға да аттанып жатты. Дегенмен де периодттың соңына қарай астаналық хоккейші Ілияс Неғметтің алаңнан қуылғандығын құлагерліктердің бірінші бестігі пайдаға асырып, есепті 3-0 ге дейін жеткізді. Ал үшінші кезеңде ойын тізгінін енді қонақтар берік қылып ұстады. Елордалықтар бұл 20-минуттықта Максим Грязнов қорғаған қақпаға 11 соққы бағыттап үлгерді. Бірақ, жас қақпашы осалдық танытпай, кездесуде бірде-бір гол жібермей аяқтады.

Дамир Рамазанов – “Құлагер” ХК қорғаушысы:

-Ойын біз үшін сәтті өтті. Біз бұл маусымда екінші рет қақпамызға гол жібермей ұттық. Қарсылас команда жас ойыншылардан жасақталғандықтан олармен ойнау жеңіл болды. Бүгін бапкеріміз шамасы жеткенше көп шайба салып, қақпаны аман сақтап қалуды жүктеген. Менің ойымша тапсырманы толығымен орындадық.

Енді бұл кездесуден кейін қонақтар 7 ұпаймен турнирлік кестеде соңғы 10-шы орында тұрақтап тұр. Ал ойын соңында елордалық “Астана” хоккей клубының бас бапкері Владимир Матюхин кездесу жайында өз ойын білдірді.

Владимир Матюхин – “Астана” ХК бас бапкері:

-Команда соңына дейін таласты. Ойыншыларға көңілім толды. Әрине, қарсылас команда тәжірибелі спортшылардан жасақталған. Ал бізде хоккейдің қыр-сырын енді меңгеріп келе жатқан жас ойыншылар. Дегенмен де тегеурінді қарсылық таныта білді. Уақыт өткен сайын тәжірибе де жинақталуда.

Өз кезегінде жерлес команданың бас бапкеріне де тілшілер қауымы сұрақтарын жаудырды.

Вячеслав Белан – “Құлагер” ХК бас бапкері:

-Қарсылас команда жақсы ойын өрнегін көрсетті. Біздің командада хоккейшілердің көбі өз ісінің шеберлері, көбіне әріптестеріне пас бермей барлығын жеке орындағысы келіп жатты. Әрине, жеңіске жетті, бұл жақсы нәтиже. Бірақ команда болғаннан кейін ұйымшылдықты әр кезде естен шығармау керек. Бүгін жас қақпашы Максим Грязновқа көңілім толды толды. Қанша сәттерде қақпаны аман сақтап қалды.

Кезекті жеңістен кейін жерлестеріміз 43 ұпаймен 7-ші орынға көтерілді. “Құлагер” командасының келесі кездесуі қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 1-і күні өтеді. Онда теріскейлік ұжым өз алаңында өскемендік “ШҚО” хоккейшілермен күш сынасады.

 

 

Риат Шони