МТРА жаңалықтары

Нанның бағасы – жергілікті атқарушы биліктің қадағалауында

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Бұл нан-тоқаш пісіретін кәсіпорын айына 87 тонна өнім дайындайды. Бекітілген меморандумға сәйкес, мекеме 1-ші сұрыпты ұнды төмендетілген бағамен сатып алады. Сол себептен, олар нанның құнын шарықтатпай, бір қалыпта ұстап тұр. Тұрғындарға бағасы жағынан қолжетімді ас атасын қаладағы дүкендерден кезіктіруге болады.

Қазір мұнда 22 адам еңбек етуде.
Бұдан кейін қала әкімі Марат Тасмағанбетов Юбилейный көшесі бойында орналасқан 4 баспанаға қызмет көрсететін “Таң Нұры Петропавл” ПИК-не соқты. Кооператив төрағасы Күшқайрат Құсайынов шаһар басшысына пилоттық жобасын таныстырды. Енді пәтер иелері үйдің күтіміне төлейтін ақыны “Севказэнергосбыт” серіктестігі жолдайтын түбіртек бойынша бірге қосып төлейтін болды. Ол үшін қағазда арнайы бөлік қарастырылған.

Күшқайрат Құсайынов – “Таң Нұры Петропавл” ПИК төрағасы:

-Бұл бастамамыз биылдың тамыз айынан қолға алынды. Бұрындары баспана тұрғындары үйді күтіп-ұстауға жұмсайтын ақшаларын тікелей ПИК төрағасына төлейтін еді. Енді екі төлемді бір жерде жасау мүмкіндігіне ие болды.

Қала әкімі тұрғындар үшін бұл ыңғайлы жобаны өзге де тұрғын үйлерге ендіру қажет екендігін айтты.

 

 

Бакыт Садуакасов