МТРА жаңалықтары

МТРА директоры Евгений Сазанов 50 жасқа толды

Бұдан кейін жезтаңдай жас әншілер ән салып, кештің көркін келтірді.

Кейін кезек тілектерге берілді. Алғаш болып елуді еңсерген азаматқа ыстық лебіздерін телеарна ұжымы жолдады. МТРА директорын арнайы құттықтауға келгендердің арасында Петропавл гуманитарлық-педагогикалық колледжінің басшысы Александр Мерк та бар. Ол сол кездегі механикалық-техникумда Евгений Сазановтың білім алғаны үшін “Үздік түлек” төсбелгісін табыстады.

Александр Мерк – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры:

-Мен Евгений Сазановты талай жылдардан бері білемін. Ол біздің механикалық-техникумда білім алды. Өте алғыр болатын. Өзінің ізденушілігімен бәріміздің есімізде қалды. Әрдайым көңілді жүретін. Қатарының алды болды. Оның өмірдегі де қызметтегі де жетістіктеріне қуаныштымын.

Евгений Сазанов білікті басшы ғана емес сондай-ақ қамқор әке. Ол өзінің жұбайымен 3 бала тәрбиелеп өсірді. Қазір олардың екеуі ер жетіп, бір-бір маман иесі. Ал, кенжесі әлі мектепте оқиды.

Екатерина Алефирова-Сазанова – Евгений Сазановтың қызы:

-Әкем – өте жұмсақ адам. Әрдайым адамдарға кішіпейілділігін танытып тұрады. Оның ақылының арқасында өсіп-жетіліп, білім алдық.

Білікті басшының шығармашылық идеялары көп. Евгений Сазановтың бастамасымен жүзеге асқан “Мен чемпион” балалар-спорттық ойындары енді республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ. Ұжымның бағындырар асулары әлі алда.

Евгений Сазанов – МТРА директоры:

-Бойымда болашаққа деген үлкен сенім бар. Алда өзімнің ұжымыммен бірге талай белестерді бағындырамын деп ойлаймын. Менің қатарымда кәсіби білікті мамандар мен телевизия саласына енді ғана келген жастар бар. Олармен тамаша жобаларды жүзеге асыруға болады. Тек ерінбей еңбектену қажет.

Сондай-ақ, туған күн иесіне телеарна ұжымы арнайы әзірлеген үлкен торт ұсынды.

 

 

Култанов Байболат