МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы – басты назарда

Александр Белетченко- Петропавл қаласы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

-Жастар саясатына 8,9 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгіндері соның 7,1 млн игеріліп, 64 адам жұмыс орындарына жөнелтілді. Олардың қатарында 3 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

Алайда кейде мемлекеттік бағдарлама арқылы оқыған жандар жұмысқа тұруға құлықсыз болады. Кейбірі әлі сол жұмыссыздардың қатырын толықтырып жүргенді қалайды. Айталық, былтыр қайта даярлық курстарынан өткен 99 адамның тек 12-сі ғана еңбекпен қамтылған.

Ольга Букина- Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Көп жағдайда жұмыс берушілерді біз жіберген жанның біліктілігі қанағаттандырмайды. Тағы отбасылық, әлеуметтік жағдайлары талапқа сай келмейтіндер кездеседі. Ал кейде тіпті курстардан өткен жандардың өзінің мамандыққа деген қызығушылығы болмай қалады.

Кеңес мүшелері мұндайларды жауапкершілікке тарту қажеттігін айтты. Алайда әзірге, заң жүзінде ондай жаза қарастырылмаған екен. Сондықтан олар алдағы уақытта жоғарғы жаққа осындай ұсыныспен шығу қажеттігін айтты. Кейін жиында балаларды мектепке дейінгі білммен қамту мәселесі талқыланды. Бүгіндері әлі 11 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.

 

 

Магжан Ахмадина