Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қарты бар елдің – қазынасы бар

Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтілді. Бұл үлкен шараны тойлауға 9-шы мамыр күні елордадағы салтанатты шеруге облысымыздан 15 Ұлы Отан соғысының ардагері делегат болып барып қайтыпты.

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Ауылдық жерлерде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіштер бар. Онда майдан даласында қаза тапқан ерлердің есімі жазылған. Енді біз соғысқа қатысып, үйіне аман-есен оралған, қазіргі өмірде қайтыс болған ардагерлердің есімін сонда енгіздік. Осындай үлкен шаруа атқардық.

Жалпы қазіргі таңда облысымызда 98 мыңға жуық ардагер бар. Қариялардың барлығы Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын тағатсыздана күтуде. Өйткені қысылтаяң шақта стратегиялық маңызы бар құжат бұқараға өте қажет дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников. Жолдау халыққа жол көрсетеді.

Анатолий Корабельников – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Біз Елбасының жолдауын тағатсыздана тосып жүрміз. Өйткені ардагерлерді қазіргі қиын кезеңдегі елдің тағдыры алаңдатады. Бүгінде коммуналдық қызметтердің де бағасы артуда. Бірақ мемлекет басшысы мәлімдегендей әлемдік дағдарыс ел тұрғындарына ешқандай әсерін тигізбейді. Яғни, жағдайымыз одан әрі жақсармақ.

Айта кету қажет, облыстық ардагерлер кеңесінің 28 жылдық тарихы бар. Енді аталмыш ұйым келер жылдың көктемінде осы уақыт аралығында атқарылған істер жайлы есеп бермек.

 

Риат Шони