Спорт

Петропавлдық “Құлагер” елордалық “Астананы” 4-1 есебімен тізе бүктірді

Ал елордалықтар бұған аса қауіпті сәтпен ғана жауап қайтарды. Қорғаушылардан сытылып шыққан алғашқы бестіктің шабуылшысы Артем Игнатенко қақпашымен жеке дара шыққанымен, есепті теңестіре алмады. Сөйтіп, елодалықтар бірінші периодта Максим Грязнов қорғаған қақпаға бір-ақ соққы бағыттап тарасты.

Ал екінші кезең де аса қауіпті сәттерге толы болмады. Бұл периодты елордалықтар қарқынды бастады. Құлагерліктердің қақпашысымен астаналық хоккейшілер екі мәрте жеке дара шықты. Алайда, ойынның басынан бапкер Вячеслав Белан сенім білдірген Максим Грязнов осалдық танытпады. Ал өз кезегінде құлагерліктердің кезекті шабуылы голмен аяқталды. Антон Дубинин мен Тони Видгреннің нәтижелі пасынан кейін екінші бестіктің шабуылшысы Туомас Сантавуори бұл маусымдағы өзінің 11-ші шайбасын салды.

Ал соңғы үшінші кезеңде астаналықтар алаңда сан басымдықты пайдалана алмады. Керісінше қателікке бой алдырған хоккейшілерді капитанның көмекшісі Максим Волков Александр Смелянецтен айласын асырды. Есеп 3-0. Мұны дер кезінде Иван Иванов пен тағы да сол Антон Дубининнің нәтижелі пасынан кейін қорғаушы Лукаш Мартинка есепті 4-0-ге дейін жеткізді.

Дей тұрғанымен, Владимир Матюхиннің шәкірттері соңына дейін таласты. Ақыры айдын қожайындарының екі бірдей ойыншысының алаңнан қуылуына қол жеткізіп, сан басымдықты бірден кәдеге жаратты. Алғашқы бестіктің шабуылшысы Станислав Логинов кездесудің басынан осалдық танытпаған жас қақпашы Максим Грязновтан айласын асырды. Осылайша, ойын өз мәресіне жетіп, жерлес команда қоржынға кезекті үш ұпай салды.

Руслан Ибатуллин – “Құлагер” ХК қорғаушысы:

– Қарсылас команда жас ойыншылардан жасақталған. Тәжірибелері аз болса да бапкерлерінің тапсырмасын орындайды. Сан басымдықтарды ұтымды пайдалана алмадық. Сол себепті, аз шайба салынды. Жеңіске жеткенімізбен бапкердің тапсырмасын орындай алмадық. Бұл кездесуде қақпамызға гол жібермеу міндеті қойылған болатын.

Қос команда арасындағы қарымта ойын Спорт сарайында қарашаның 26-сы күні сағат кешкі 19-00-де өтеді.

Бакыт Садуакасов