Балалар

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында “Ризашылық” күні өтті

Райхан Ертаева – СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Ризашылық мерекесін жылда қараша айында өткіземіз. Орталыққа қол ұшын созып, демеушілік көмек көрсететін қайырымды адамдар жиі келіп тұрады. Жаны жайсаң азаматтар көбіне заттай көмек береді. Бұл аз да болса жеткіншектердің көңіл-күйін көтеруге септеседі.

Балалармен бірге мерекеге Тимирязев аудандық білім бөлімінің қызметкерлері де ортақтасты. Олар құр алақан келген жоқ.

Маржан Тілеубаева – Тимирязев аудандық білім бөлімінің бас маманы:

– Біз ата-ана мейірімінсіз өсіп келе жатқан балғындарға үнемі көмек көрсетуге тырысамыз. Биыл осы орталыққа келдік. Балаларға ойын төбешігін сыйға тарттық.

Есесіне, орталық тәрбиеленушілері қонақтарға өздерінің жан-жақты екендерін паш етіп, ән-жырдан шашу шашты.

Қазіргі уақытта облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 3 пен 16 жас аралығындағы 16 бала тәрбиеленуде.

 

Бакыт Садуакасов