МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі ақын К.Салықовты еске алуға арналған жиынға қатысушы ақын-жазушылармен кездесті

 

 

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Кәкімбек Салықов өмірдің үлкен мектебінен өткен үлкен тұлға еді. Көпшілік оны халықтың қамқоршысы, өлеңді өмірлік серік еткен аса талантты ақын ретінде таниды. Бүгінде Кәкімбек ағамыз ортамызда болмаса да оның әрбір ағалық сөзі, игі ісі – біз үшін үлгі-өнеге. Жан жүрегінен туған өлең-жыры халықпен бірге жасайды. Бүгінгі басқосу – жерлесімізге және оның шығармашылығына деген құрметтің бір белгісі.

Кейін аймақ басшысы жиынға қатысушыларға облысымыз туралы жаңа кітапты сыйға тартты. Оның ішінде Кәкімбек Салықовтың да ағалық сөздері жазылған екен. Бұдан соң көрнекті ақынның жары Мәриям апайға сөз берілді. Ол жерлесін естен шығармаған теріскейліктерге алғысын білдірді.

Мәриям Салықова – Кәкімбек Салықовтың зайыбы:

– Бірінші сағыныш кездесу елімізде басталғанына қуанамын. Басқа Жезқазған, Көкшетауда да басталуы мүмкін еді, олар да дайындалып жатыр. Бірақ, алғаш болып, елім, жерім деп еңіреп тұрған кісі болса, соның бірі – Кәкімбек еді. Осы елімізде жиып, барлығымыздың басымызды қосып, Кәкімбек ағамызды еске алайық, әңгмесін, әндерін тыңдайық, өлеңін оқиық деп барлығымыздың басымызды қосып отырғаныңа мың рахмет.

Жиында Кәкімбек Салықовпен үзеңгілес серіктері мен бауырлары да өз ойларымен бөлісті. Олар ақынның есімі ұмытылмайтынын, ал халқымыз оның шығармаларынан әрдайым рухани нәр алатынын атап өтті.

Серік Оспанов – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеуші:

 

– Кәкімбектің ұлылығы сол бір басына, ақындығы мен қоғам қайраткерлігін қатар алып жүрді. Үлкен жүректі азам болды. Ол кісінің екінші бір ұлылығы, ол өмір бақи табиғатты жырлап өткен. Адамдар атпаңдаршы аққуларды жезкиік туралы өлеңдерден өрнек өрген.

Жиында ақынның есімімен көше атау және Кәкімбек Салықов оқуларын ұйымдастыру сынды ойлар да ортаға тасталды. Ал кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Магжан Ахмадина