Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық көші-қон полицейлері 10 айды қорытындылады

Еркетай Тұтқышев – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

Жыл сайын біздің облысымызға шамамен 20 мыңдай шетелдік келеді. Олардың 60 пайызы – Ресей азаматтары.
Соңғы 10 айдың ішінде мигранттардың 165-і 5 жылға дейін Қазақстан аумағына кіре алмайтын болды. Көші-қон заңнамасын бұзған 71 жұмыс берушіге қатысты 41 қылмыстық іс қозғалды.

Бүгінгі семинарда көші-қон полицейлері елімізде еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарды бақылауға қатысты жұмыстары жайлы айтты . Бұл жиынға басқа да құқық қорғау құрылымдарының мамандары шақырылды. Өйткені, әріптестер заңбұзушылықтарды анықтауда бірлесе еңбек етуде. Мәселен, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің облыстық департаментімен бірге полицейлер қос азаматтығы бар 300-ден астам адамды ұстаған.
Сондай-ақ, бұл күні «Нелегал» жедел-алдын алу шарасына белсенді қатысқан бірнеше тәртіп сақшысы марапатталып, 12 қызметкерге алғыс хаттар табыс етілді.

Айгерим Ержанова