Балалар

Петропавлдық оқушылар ағылшын тілін роботтардың көмегімен үйренуде

Әйтпесе, жасаған ойыншық соңында іске қосылмай қалуы мүмкін. Қондырғының кітапшасы ағылшынша болғандықтан балғындарға оны тез түсініп, жұмысты жылдам аяқтау біраз қиындық тудырды.

Руслан Юсупов – оқушы:

– Құлтемірдің кішкентай сымдарына дейін жалғаудамыз. Есесіне, ағылшынша жаңа сөздер үйреніп жатырмыз. Бүгін робот “Бобты” іске қосамыз деп ойлаймын.

Петропавлдағы американдық орталықта осы сынды жаңа роботтардың төртеуі бар. Барлығы да мектеп жасындағы балалардың ағылшын тілін жетік меңгерулері үшін алынған. Яғни, оның әрбір бөлшегін зерттей отыра осылайша тілді де үйреніп алуға болады. Құлтемірлерді бұл ұйымға АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілігі тарту еткен.

Лаура Теменова – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:

– Біздің орталықта қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалған. 7-12 жастағы жеткіншектер роботтарды қолдана отырып жұмыс істейді. Өйткені, балаларға мұның бәрі қызық. Ал, ересектер жексенбі күні келіп арнайы оқу құралдары арқылы өз білімдерін толықтырады. Қызметіміз барлығына тегін.

Сондай-ақ, бұл жерде солтүстікқазақстандық оқырман қауымға 5000 мыңнан аса әлем әдебиеті кітаптары бар. Оған қоса мұнда ағылшын тілін үйренемін деушілерге демалыс күндері тегін фильм көрсетіледі.

 

Култанов Байболат