Білім

«Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы» АҚ СҚОФ ағылшын тілі кабинеті ашылды

Ал бүгін орталықта жаңа ағылшын тілі кабинеті салтанатты түрде ашылып, маман енді ешқайда бармай-ақ, осында отырып барлық дәрістерді сапалы түрде беруге болады дейді.

Альбина Қасенова- «Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы» АҚ СҚОФ аға оқытушысы:

–  Кабинетте ауыстырылмалы ақпараттық аймақтар бар. Дидактикалық ойындар және кітап қоры бар. Осы кабинетте семинарлар, сабақтар ткізе аламыз.

Осыған дейін АҚШ-қа барып 2 ай оқып келген маман сол жақта жүргенде осындай кабинеттің болуын армандағам дейді. Енді міне ойы жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда орталықта 25 облысымыздың педагогы біліктілігін арттырып жүр.

Әсел Исина- «Әл-Фараби» мектеп лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

 

– Бұл нақты ағылшын тілі мұғалімдеріне аранлған. Бұл кабинет бізге керекті барлық жабдықпен қамтылған. Ғаламторға шығып, барлық ақпаратты қамтуға мүмкіндік береді.

Жалпы жыл басынан орталықта облысымыздың 75 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі арнайы курстардан өткен.

Магжан Ахмадина