Спорт

Жерлес кекушинкай каратэшілер Еуразия кубогынан жеңіспен оралды

Ел мерейін асырып, Қазақстанның көк туын әлемдік аренада желбіреткен жерлестерімізді қарсы алуға спортшылардың туған-туыстары көптеп жиналды. Олардың арасында Евразия кубогының жеңімпазы Әлішер Тоқышевтің жақындары да бар. Каратэшінің әпкесі інісінің жаһандық жарыста жеңімпаз атанғанына қуанышты.

Мәдина Тоқышева – Әлішер Тоқышевтің әпкесі:

– Қазір бірнеше минуттардан кейін менің інім Әлишер келеді. Ол бірінші орын алды. Оған тілейтінім зор денсаулық. Болашақта әлем чемпионы болсын.

Біраздан кейін жүрдек пойыз темір жол вокзалына келіп тоқтады. Асыға күткен жерлестеріміз алтын алқаларын тағынып туған жерге аяқ басты. Спортшылардың қатарынан каратэнің қыр-сырын енді ғана танып жүрген жеткіншектер мен биік шыңды бағындырған шеберлерді байқауға болады. Кекушинкай каратэмен бала кезінен айналысқан Әділбек Молдағалиев Еуразия кубогі турнирінде сәтті өнер көрсетіпті.

Әділбек Молдағалиев – Еуразия кубогының жеңімпазы, Айыртау ауданы:

– Жарыста 4 кездесу өткіздім. Үшеуін еш қиналмастан ұттым, Ал, финалдық жекпе-жек ауыр болды.

Жалпы, Ресейдің Барнауыл қаласында өткен байрақты бәсекеге 600-ге жуық каратэші қатысқан. Мықтылардың арасында солтүстікқазақстандық спортшылар 5 алтын, 3 күміс, 3 қола еншіледі.

Владимир Витченко – “Бүкілқазақстандық кёкушинкай-каратэ ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры:

– Жарыста ел құрамасын барлық облыстардан келген спортшылар қорғады. Бірақ, бәрінен солтүстікқазақстандық 21 спортшы үздік атанды. Олардың барлығы тартысты жекпе-жек өткізді. Каратэшілердің арасында қала мен өңір аудандарының жастары бар.

Енді жерлестеріміз мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынамақ. Онда үздік нәтиже көрсеткендер ел намысын әлем біріншілінде қорғайды.

Култанов Байболат