МТРА жаңалықтары

Елбасымыз жайлы құжаттар

Еліміздің тарихынан сыр шертетін әнді осынау маңызды күні шырқамау мүмкін емес. Өйткені, бүгін мұрағат саласының қызметкерлері сол кезеңдердегі Президент жайлы барлық ақпаратты ұсынып отыр. Олардың қатарында фотосуреттер, құжаттар мен Ұлт көшбасшысының өлкемізге келгендегі газет беттерінде жарық көрген материалдар бар.

Сәуле Мәлікова – СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:

– Ең құнды құжатымыз. Ол Ел басымыздың 1991 жылы қарашаның 21-25 аралығында жалпыхалықтық сайлау алдындағы Н.Назарбаевтың өлкемізге келуі. Сол бізде фотоқұжат ретінде сақталған екен. Кейін 1 желтоқсанда сайлау өтті. Онда Н.Назарбаев халықтың қолдауына ие болып, Президент болып сайланды.

Сол кезде-ақ солтүстікқазақстандықтар Елбасымызға үлкен үміт артатындықтарын білдірген болатын. 91-ші жылғы сайлауда теріскейліктердің 80 пайыздан астамы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдады. Зор сенім әлі де сейілген емес. Сондықтан, жиынға қатысушылар көрмеде орын тепкен құжаттар әр қазақстандық үшін маңызды деді.

Таңат Сүгірбаев- “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

– Көрмеде көп нәрсе бар. Әсіресе, жастар үшін мол мағлұмат қойылған. Әдебиеттерді қарап, рухани баюға болады. Қажетті ақапарт бұл. Мені жаңағы көрген деректер рухани байытты.

Алмат Мұхаметқалиев – СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

 


–  Бұл көрмеде біз Елбасымыздың әр қалаға келгендегі әр сәтін көрдік. Елбасының өмірі жайлы да көп мәлімет алдық. Президентіміз қаланы, облыстық жалпы еліміздің дамуына зор үлес қосқан.

Мұрағат қызметкерлері алдағы уақытта бұл деректер базаға жинақталып, кейін оны жазушылар, өлкетанушы мен зерттеушілер қолдана алады дейді.

Магжан Ахмадина