Қоғам

“Вознесения Господне” кафедралды шіркеуіне Владимир князьға мемориал тақта ашылды

Татьяна Подлесная:

– Бүгін біздің храмның туған күні, сондықтан әулиелердің бөлшегін әкеліпті. Оған барлығымыз қуаныштымыз. Қасиетті бұйым бізді ауру-сырқаудан, түрлі қатерлерден қорғайтынына сенемін. Сондықтан, бүгін, міне дұға оқып, тілек тілеуге келдім.

Андрей Солодовник:

– Еліміздің митрополитін қарсы алудамыз. Жалпы бүгін православтықтар үшін мерекеге толы күн болды. Сондықтан, барлығын құттықтаймын.

Кейін шіркеудің қабырғасында осы князь Владимирге арналып мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шара шынымен де православтық жамағат үшін үлкен жаңалық болып отыр.

Александр – Астана және Қазақстан митрополиті:

– Біз елімізде орын алып жатқан көптеген маңызды даталармен қатар князь Владимирдің қызметке келуінің 1000 жылдығын атап өтудеміз. Ол біз үшін үлкен оқиға. Бұл мейрам князьді шоқындырған жерден бастапқы барлық православтық мекемелерде өткізілуде. Мерекелік литургия оқылып, барлығы құлшылық етіп жатыр.

Дәл осындай тақта бұл күні Петр мен Павел апостолдардың шіркеуінде де ашылды.

Магжан Ахмадина