Спорт

Петропавлда үстел теннисінен 5-ші ашық турнир өтті

Балта Тырқаев – үстел теннисінен ҚР спорт шебері:

– Теннис – мен үшін қызықты ойын. Бұл спорт түрімен кез келген жерде шұғылдануға болады. Тенниспен жастар да, қарт адамдар да айналыса алады. Қарсыластарым өте мықты.

Спортшылардың арасында 27 жасар Тацуя Хамано да бар. Қазақстандағы Жапония елшілігінде қызмет ететін Тацуяның үстел теннисімен айналысқанына 6 жыл болыпты. Бұл сайыста жапондық ер жігіт СҚО-ның чемпионы Владимир Лагуцевпен жарысты. Бірінші партияның нәтижесі – 10:0, есеп жерлесіміздің пайдасына шешілді. Бірақ, “Astana” үстел теннисі клубы” Қоғамдық бірлестігінің президенті Данил Пактың айтуынша, құрама спортшылары бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған. Сондықтан, олар тек жеңістен дәмелі.

Данил Пак – “Astana” үстел теннисі клубы” ҚБ президенті:

– Біздің құрамада 13 адам. Бұл турнирде жақсы нәтижеге жету үшін, спортшыларымыз көп уақыт бойы шыңдалды. Қарсыластарымыз да осал емес екен.

Акробатикадан спорт шебері, теннисші, шаңғышы және ұстаз Михаил Антипиннің құрметіне арналған турнирге 70-ке жуық адам қатысты. Сайыскерлер 3 топқа бөлінді. Жалпы үстел теннисінің бір ерекшелігі, мұнда жас шамасына байланысты бөлу деген жоқ.

Ирина Пюрко – СҚО үстел теннисінен аға жаттықтырушысы:

– Үстел теннисінен ашық турнир 5-ші рет өткізілуде. Бұл жарысҚа оқушылар, әуесқой азаматтар қатысуда. Жалпы дода 3 дәреже бойынша өтуде. Ол, жеке біріншілік, жұптық разряд және топтық біріншілік.

Михаил Антипиннің құрметіне арналған сайыс 2 күнге жалғасты. Жеңімпаздар медаль, кубок және дипломмен марапатталды.

Сагыныш Маркашева