Спорт

Петропавлда Тұңғыш Президент күніне арналып грек-рим күресінен турнир өтті

Әсіресе, 32 келіде белдескен жасөспірімдердің өнері жиналғандарды тәнті етті. 13 жастағы жамбылдықпен өзі мен қатарлас петропавлдық спортшы грек-рим күресінің түрлі әдіс-тәсілін ортаға салды. Нәтижесінде оңтайлы сәтін босқа жібермеген көк жейдедегі Әділбек жеңіске жетті.

Әділбек Қамкен – жарысқа қатысушы:

– Мен бірінші күресте спорт мектебінің баласымен күрестім. Мен оған “кочерга” әдісін жасадым. Сонымен сегіз де ноль есебімен жеңіске жеттім.

Жалпы шараға өңір аудандары мен Петропавл қаласынан 80-ге жуық жас палуан қатысты. 12-13 және 14-15 жастағы спортшылар 11 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Осы мереке қарсаңында грек-рим күресінен жарыс ұйымдастыру жылдағы дәстүрге айналған.

Ғалым Өркешов – жарыстың бас төрешісі:


–  Грек-рим күресінен ұйымдастырылған жарыс арқылы біз жас палуандардың шама-шарықтарын анықтаймыз. Осылайша оларды республикалық, халықаралық бәсекелерге іріктеуге болады. Қатысушылардың арасында жас та болса жеңімпаз атанғандар бар.

Шара соңында жеңіс тұғырынан көрінген споршылар медаль, кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Култанов Байболат