Денсаулық сақтау

СҚО-да “Экстракорпоралды ұрықтандыру” бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

Ольга Звягина- Петропавл қаласындағы репродукция бөлімшесінің окушер-гинекологы репродуктологы:

– 3 жылдың ішінде репродукция бөлімшесіне 870 жұп көмекке жүгінді. Оның 66 пайызы бұрын бала көтермеген қыз-келіншектер. Қалғандары түрлі аурулар, жасанды түсік жасату мен денсаулықты күтпеудің салдарынан бала көтере алмаған.

Осы күні репродукция бөлімшесінде “Экстракорпоральды ұрықтандыру және Эко+ИКСИ бағдарламалары аясында ерлі-зайыптыларға барлық қызмет түрлері көрсетіледі.

Ольга Звягина- Петропавл қаласындағы репродукция бөлімшесінің окушер-гинекологы репродуктологы:

– ИКСИ дегеніміз цитоплазма ішіне ине арқылы сперматозоид енгізу, яғни бұл денеден тыс ұрықтандырудың бір түрі. Бұл әдіс бойынша ұрықтың даму ықтималдығы 60-70% және эмбрионның жетілу ықтималдығы 90-95%-ға ұлғаяды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. ИКСИ әдісі арқылы күрделі, тіпті емделмейтін бедеулік түрінде де ер адам бала сүйе алады.

Бұл орталықта репродуктолог, эмбриолог, андролог сынды біліктілігі жоғары 7 дәрігер жұмыс істейді. Керек десеңіз заңгер де кеңес береді.

Ольга Звягина- Петропавл қаласындағы репродукция бөлімшесінің окушер-гинекологы репродуктологы:

– Үш жылдың ішінде 35 келіншік қосымша репродуктивтік технологиялардың көмегімен бала көтерді. 14 келіншекті босандырдық 17 сәби дүниеге келді. Оның 3-еуі егіз. Биыл СҚО-на 28 квота бөлініп, сәтті игерілді. Осы күні 11-і келіншектің бойына жасанды түрде бала бітті. Қалғандары экстракорпоралды ұрықтандыру үрдісінен өтуде.

Егер тұрмыстағы келіншек 1 жыл көлемінде құрсақ көтермесе міндетті түрде жасына қарамастан маманданған дәрігерлердің қаралуынан өту қажет дейді мұндағылар. Көмекке 25, 45 жастағы әйелдер жүгініп жатады. Кей жағдайда 3 құрсақ көтерген аналар да 4-ші баласына жүкті бола алмайтын кездер де болады екен.
Жасанды жолмен бала көтерген аналар алысқа ұзамай өзге де әйелдермен бірге 3-ші қалалық аурухананың босану бөлімшесінде сәбиін дүниеге әкеле алады. Арнамыздың түсіру тобы келген күні экстракорпоралды ұрықтандыру үрдісінен өтіп сәби сүйген жерлестерімізді кездестірудің реті келмеді. Десе де біз осында ешқандай заманауи технологияның көмегінсіз, табиғи жолмен бала көтерген аналармен сұхбаттасып, жағдайын білуді жөн санадық. Жұлдыз Өңгербаева тұңғыныш осы емдеу мекемесінде дүниеге әкеліпті. Нәзік жанды мұнда аналарға барлық жағдай жасалған дейді.

Жұлдыз Өңгербаева, жас анна:

– Тұңғышымды дүниеге әкелдім. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Бала туғанда бір жақсылық болады дейді.

Жыл басынан 3-ші қалалық аурухананың босану бөлімшесінде 900 бала дүниеге келді.

Берик Касен