МТРА жаңалықтары

“Мысықсыз өмір – қызықсыз” көрмесі ашылды

Станислав Губин, көрмеге қатысушы:

– Бір жыл бұрын осы көрменің өтенінен хабардар болдық. Тақырып бойынша бір 20-30 сурет түсіремін деп ойлағанмын. Бірақ, қызығына қалай кіріп кеткенімді білмеймін. Қала көшелерінен іздеп жүріп 1000-ға жуық мысықты түсірдім. Оның нәтижесін көріп, үйсіз жануарларды асырап алған таныстарым да кездесті.

Мұнда керамика, кесте, декупаж, графика, металл және ермексазды қолдану арқылы сан түрлі техникада орындалған 500-ден астам жұмыс орналастырылыпты. Көрмеге өз шығармашылықтарын ұсынған солтүстікқазақстандық авторлардың саны 100-ден асады.

– Көрмеге келушілердің назарын аударған тағы бір туынды – мына “Көпбалалы ана” қолөнер бұйымы. Мұндағы мысық-ана жіптен тоқылса, оның кішкентай марғаулары балалар шұлығынан әзірленген.

Ұйымдастырушылар бұған дейін “Шәй салтанат” аталатын ерекше көрме өткізген. Ал, келесі жылы қолөнершілер көрмесін “Ертегіге саяхат” тақырыбында жасауды жоспарлап отыр.

Олеся Гонтарь, “Гормония” интерьер студиясының жетекшісі

– Біз қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қоймаймыз. Сөрелерге ересектермен қатар балалардың да бұйымдары жайғасқан. Жалпы, көрмеге Айыртау, Тайынша аудандары және облыс орталығынан, сондай-ақ, Ресейдің Омбы қаласынан келген авторлар қатысуда. Осындай шаралардың нәтижесінде қолөнершілер еңбегін бағалайтындар көбейе түспек.

“Мысықсыз өмір – қызықсыз” көрмесі келушілердің көңілінен шығықты.

– Маған көрме ұнады. Әсіресе, жұмсақ ойыншықтар мен түрлі әшекейлер. Өзім мысықтарды жақсы көремін.

– Көрме өте ұнады. Өзімнің де мысығым бар. Мұндағы түрлі бұйымдар көздің жауын алады екен. Бұны көріп үй жануарына деген сүйіспеншілігім арта түскендей.

Петропавлдық тұрғындар аталған көрмені 1 ай бойына тамашалай алады.

 

Акбопе Танирберген