Білім

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжіне – 85 жыл

Александр Мерк – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры:

– Бүгін біздер үшін үлкен мереке. Өйткені, білім ордамызға 85 жыл толып отыр. Мен гуманитарлық-техникалық колледжді 30 жыл басқарып келемін. Осы уақыт аралығында талай студент біздің мұғалімдерден білім алды. Қазір олардың көпшілігі қызмет атқарып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Мерейтойға орай оқу ордасының дамуына сүбелі үлес қосқан ұстаздар қауымының бірқатары “Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің құрметті ұстазы” төс белгісімен марапатталды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақнұр Базарбекова өмірінің 20 жылын осы білім ошағына арнаған. Сол кездегі студенттерге оқу құралдарының тапшылығына қарамастан білгенімді үйретуге асығатынмын дейді ұстаз. Маманның колледж қабырғасында өткізген ең алғашғы сабағы да есінде.

Ақнұр Базарбекова – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

– Бірінші сабақ беруім әлі есімде. Ол кездегі студенттер өте білімді болды. Әрдайым баршасы өздерінің белсенділігімен танылатын.

Сондай ақ, салтанантты кешке колледж түлектеріне жұмыс беруші кәсіпорын өкілдері де келді. Бүгінде осы білім ордасын аяқтаған мамандар облыстың беделді өндіріс орындарында жемісті қызмет етуде.

Спартак Пушкарев “Мұнаймаш” АҚ басқарма төрағасы:

 

– Колледждің 85 жылдық мерейтойына арнап әдейі келіп отырмын. Бұл білім ордасындағы ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Әрдайым білімді де білікті мамандарды тәрбиелеп келеді. Қазір біздің кәсіпорында колледждің 29 түлегі еңбек етеді.

Қазіргі күні өңірдің іргелі оқу ордасы 16 мамандық бойынша 800-ден аса болашақ кәсіп иелерін дайындауда. Оларға 102 ұстаз білім береді.

Култанов Байболат