МТРА жаңалықтары

Өңірде қысқы аңшылық маусымы жүріп жатыр

Бейбіт Қызбикенов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:


–  Бүгіндері табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар барқармасы аңшылық жасауға 2706 рұқсат берген. Тұяқтыларға саятшылық құратындар 1 жануар үшін 30 мың теңгеден 50 мыңға дейінгі соманы төлеуі тиіс. Ол аңшылық шаруашылықтардың белгілеуіне байланысты болады.

Алайда, мұндай соманы төлеуге сараңдық танытып, рұқсатсыз саятшылық құрғандар да тіркелуде. Жыл басталғалы бері ондай 7 факті орын алған.

Бейбіт Қызбикенов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

 

– Өрескел ереже бұзудың салдарынан жануарлар әлеміне 3 млн 300 мың теңгеден астам шығын келтірілді. Бүгіндері солардың 2 млн 190 мыңы өтелді. Олардың арасында марал мен жабайы доңызды өлтірудің – 1, ал елікті атудың 5 фактісі анықталды.

Көп жағдайда браконьерлер рейдтік шаралар барысында анықталады. Мамандар жыл басталғалы осындай 217 жұмыс жүргізген. Нәтижесінде аңшылық ережесін бұзудың 50-ге жуық фактісі тіркеліпті. Еске сала кетейік, рұқсатсыз елікке оқ атқандар 100 АЕК көлемінде айппұл төлейтін болады. Сондықтан, заңсыз саятшылық құрудың арты соқпақты екендігін ұмытпаған абзал.

Магжан Ахмадина