МТРА жаңалықтары

Беделді нөмірлерге сұраныс артуда


Андрей Кужилин – Петропавл қаласының тұрғыны:

 

– «555» нөміріне бұрыннан қызығушылығым болды. Бұрын осындай нөмірді қайта тіркеуден өткізген кезде, ол күшін жоғалтатын. Ал, қазір оны сатып алсаң, ол сенің атыңа жазылады. Апат орын алған жағдайда заң бойынша нөмірді қайта қалпына келтіруге болады. Бұл бір жағынан, ел қазынасына қосымша кіріс және осының барлығы тұрғындар үшін жасалып отыр.

КОРР: Мұндай 3 VIP нөмір үшін қала тұрғыны миллион теңгеден астам қаржы жұмсапты. Келесі бір солтүстікқазақстандық осындай екі белгіні өзінің жүк көліктеріне алған.
Полиция қызметкерлерінің айтуыннша қымбат таңбаларды, Мерседес, Тойота Лэнд Крузер мен Лексус сияқты беделді маркалы автокөліктердің иелері алатын көрінеді. Алайда, VIP нөмірлерді Лада, Ауди тіпті, Камаз жүк көліктеріне де тағатындар табылуда.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихан алу жұмысы бөлімінің бастығы:

– Өткен жылы қабылданған жол қозғалысы туралы заңда жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сату мәселесі қарастырылған. Бүгінгі таңда Петропавл қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) 001-ден 009-ға дейінгі және одан да басқа ерекше нөмірлер бар. Сатып аламыз деушілерге есік ашық. Рәсімдеу қызметі екі сағат ішінде жүзеге асырылады.

Биыл солтүстікқазақстандықтар өздерінің автомашиналарына беделді нөмірлер алу үшін 19 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Магжан Ахмадина