МТРА жаңалықтары

СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов жеке күзет ұйымдарының мамандарымен кездесті

Жақында Петропавлдағы жанармай станцияларының біріне қарақшылық шабыл жасалған болатын. Өңірдің бас полицейі мұндай қылымыстардың алдын алу үшін күзет қызметтері ІІ органдарымен қоян-қолтық жұмыс жасауы керек деді.

Виталий Пенкин – «Боец» күзет агенттігі» ЖШС директоры:

– Біз күзетшімен сөйлесіп, мән-жайды анықтауға тырыстық. Бұзақыларға оқ атылмаған, бірақ нұсқауға сәйкес ол біздің мобильді топқа телефон шалуы керек болатын. Оны да жасамаған. Денелі болғанымен, 27 жастағы жігіт мұндай оқиғаға психологиялық тұрғыда дайын болмай шықты.

Берік Біләлов алдағы уақытта жеке күзет агенттігіне жұмысқа орналасуға келген үміткерлерді барынша қатаң түрде таңдауды тапсырды. Жалпы бүгінде облыс бойынша 71 күзет кәсіпорны бар. Онда 1800-ден астам маман жұмыс жасауда. Жыл басынан күзетшілердің көмегімен 43 қылмыстың беті ашылып, 749 бұзақы құрықталған.

 

Риат Шони