Аптадағы маңызды жаңалықтар

Фармацевтикалық салада туындайтын мәселелер талқыланды

Тамара Анохина – СҚО фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясының төрайымы:

– Бүгіндері біз жаңа экономикалық жағдайда жұмыс жасап жатырмыз. Бірақ, фармацевтикалық саладағы кей кәсіпкерлер бәсекелестікке төтеп бере алмай жатыр. Дәрі-дәрмектерді өндірушілер бағаны өсірді. Тиісінше, ол бізде де өсімге әкеп соқтырды. Оның үстіне дәріханалардағы айналым қысқарды. Сондықтан, кей нысандар жабылып қалып жатыр.

СҚО фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығына өңірде 30 компания өкілі кіреді. Олар мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін жөнсіз тексерулер де саланың дамуына кедергі келтіруде дейді. Мұндай жағдайларды прокуратура қызметкерлері анықтаған.

Қуандық Жаппаров – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының аға прокуроры:

– Жүргізілген жоспарлы бақылау жұмыстарының нәтижесінде бизнес субъектілерін заңсыз тексерудің 74 фактісі анықталды. Тағы қадағалау шараларын жүргізуге берілген 109 акт кері қайтарылды.

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мұндай кездесулер құрылыс және жолаушылар тасымалымен айналысатын сала өкілдерімен де өткізіледі деп жоспарланған.

 

Магжан Ахмадина