Денсаулық сақтау

1-ші желтоқсан – Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні

Қазірде мұндағы зертханашалырдың жұмысы едәуір жеңілдеген. Өйткені, құрылғылардың қатары шетелдік микроскоп және автоматтандырылған иммуноферментті планшеттік талдағыштармен толыққан. Мамандардың айтуынша ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісінің) алдын алу және онымен күрес орталығының зертханасын осындай жабдықтармен жарақтау жұмыс өнімділігін арттыруға, зерттеулер сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Галина Молчанова, СҚО ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының зертханашы-дәрігері:


– Біз АҚТҚ инфекциясын жұқтырған жандардың иммундық статусын қадағалаймыз. Бұл өте маңызды. Себебі, олардың иммундық статустары көп жағдайда төмендеп кетеді. Бұл оның ЖҚТБ кезеңіне өтуіне әкеліп соғады. Тіркеуде тұрғандар 3 ай сайын келіп сараптама тапсырады.

Ал, келесі сералогиялық зертханада ЖҚТБ ауруына сараптама жасалады. Бұл талдау компьютердің көмегімен жүзеге асырылып, үш сағат ішінде нәтижесі шығарылады. Айту керек, аталған дерттің емі жоқ. Сондықтан, медицина қызметкерлері сырқатқа шалдыққа адамның өмірін әрі кетсе 10 жылға дейін ғана созуға қауқарлы. Індет жұқтыратындардың дені – салауатты өмір салтын ұстанбайтындар мен нашақорлар.

Любовь Бунина, СҚО ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі:

 


– Қарашаның 10-ы мен желтоқсанның 10-ы аралығында елімізде «Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес» айлығы өткізіледі. Биыл да осы шара аясында біршама жұмыстар атқарып, азаматтарды ақпараттық жағынан құлақтандырамыз. Жалпы, бізде аталмыш дертке шалдыққан петропавлдықтармен қатар облыс аудандарының тұрғындары тіркеуде тұр. Олардың дені – пайдаланылған ине арқалы тамырына есірткі еккендер. Онымен қатар, кейінгі уақытта инфекцияның жыныстық қатынас арқылы таруы көбейіп кетті.

Тек Солтүстік Қазақстанның өзінде АҚТҚ ауруына шалдыққан 500 азамат тіркеуде тұр. Оның ішіндегі 60-ы қатерлі сырқатқа шалдыққанын биыл білген. Олардың басым бөлігін 20-29 жас аралығындағы ер азаматтар құрап отыр.

Акбопе Танирберген