Білім

Жасөспірімдердің ғаламтордағы іс-әрекетін қадағалау шаралары артуда

Сол әлеуметтік желілердің балаларға теріс ықпалы қандай? Атап айтсақ, ғаламторда баланың мінез-құлқына кері әсер ететін және жамандыққа итермелейтін түрлі сайттар бар. Солтүстік өңірде де мұндай теріс ниетті желілердің құрбанына айналып, торына түскен балалар жоқ емес. Оның алдын алу мақсатында “Қазақтелеком” АҚ “ата-ана бақылауы” аталатын қызметін ұсынған болатын. Аталған жоба жағымсыз контенттер ықпалын мейілінше шектеуге және балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Роман Лайер – «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД сату қызметінің басшысы:

– Бұл – жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балаларға арналған қауіпсіз интернет қызметі. Қажетсіз сайтқа кіру мүмкіндігін оқшаулап, белгілі бір жағымсыз дерек көздерін шектейді. Бұл – ата-аналар мен мұғалімдер баланы толық бақылауында ұстай алады деген сөз. Айта кетейін осы уақытқа дейін бұл қызмет түріне қалада екі мыңға жуық пайдаланушы жүгініпті. Аудандардағы көрсеткіш те дәл осындай. Сондай-ақ, бұл қызмет түрі 180-ге жуық мектепке орнатылды.

Мұнда колледждер мен мектептердің басшылары, әлеуметтік педагогтар мен психологтар және информатика пәнінің мұғалімдері жиылған. Олар интернет көзі арқылы таратылатын теріс пиғылды діни ағымдар жайы мен жыныстық сипаттағы материалдардың жасөспірімге тигізер кері әсерлерін сөз етуде. Қазіргі күні ғаламторда аталған тақырыптарда мәлімет тарататын топтарға тіркелген жергілікті балалар саны бойынша мониторинг жүргізілуде.

Жанар Нұрғожина, СҚО білім басқармасының маманы:

 

– Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтар да бар. Бұл бағытта облыстық прокуратура қызметкерлері де жұмыстар атқаруда. Білім ошақтарында түрлі семинарлар өткізіп, ата-аналармен жұмыс жасаймыз.

Жиын соңында жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты шараларды жүзеге асыру керектігі айтылды.

Акбопе Танирберген