Құқық қорғау органдары

Өңірде ІІО өз еркімен травматикалық қару тапсыру акциясы өтуде

Анатолий Менько – қала тұрғыны:


– Қаруды сатып алғанда біраз ақша жұмсағанмын. Ал оны тапсырғанда біршама аздау болды. Арасы шамамен 3-4 мың. Қаруды тәртіп сақшыларына тапсырғанда барлық үрдіс тиісті талаптар бойынша өтті. Оған көңілім толды. Ешқандай мәселе туындаған жоқ.

Жалпы акция басталғалы бері петропавлдықтар полицейлерге 500 бірлік қару тапсырған. Оның ішінде 198-і – оқпансыз, 281-і – газды травматикалық. Өңірде бұл шара әлі де болса жалғасады. Осы ретте тәртіп сақшылары теріскейліктерді акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Ринат Багаутдинов – Петропавл қаласы ІІБ аға инспекторы:

– Кімде қару бар – солар тәртіп сақшыларына жолығуларыңызды сұраймыз. Мылтықты өз еркімен келіп бергені үшін өтемақы төленеді. Сондай-ақ, акция аясында тіркелмеген қаруларды полиция қызметкерлеріне тапсыру кезінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Үстіміздегі жылы тәртіп сақшылары шара аясында солтүстікқазақстандықтарға 16 млн теңге төлеген. Травматикалық қаруларды тапсыру акциясы 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін жалғасады.

 

Риат Шони