МТРА жаңалықтары

Жыл басынан облыс аумағында жалған кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты 92 факті тіркелді

Аталған қылмыстық істерден мемлекетке 466 миллион теңгенің шығыны келтірілген. Қазіргі уақытта заңсыз коммерциялық ұйым құрған жеке тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тірек Шакенов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

– Осы істер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында жалған кәсіпорындарды құрған адамдарды жауапқа тартудамыз. Қазір өндірістік істерден келген 70 миллион теңге залал толықтай өтелді. Сонымен бірге біздің қызмет заңсыз ойын-сауық фактілері, жалған ақша жасау, мемлекет мүлігін ұрлау бойынша қылмыстық істерге тергеу жүргізеді.

Бүгінде 92 жалған кәсіпкерлік фактісінің 3-уіне қатысты сот шешімі шықты. Белгілі болғандай 2 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құжаттарында көрсетілген бизнес түрімен іс жүзінде айналыспаған. Шындығына келгенде ұсталғандар анағұрлым ірі кәсіптің көркін қыздырып, салық төлеуден жалтарып келіпті. Қырағы қызметкерлердің арқасында қулардың заңсыз әрекеті әшкере болды.

Тірек Шакенов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

– 2 адам жалған кәсіпкерлік орындарын құрғандары үшін жауапкершілікке тартылды. Қалалық соттың шешімімен екеуі сотталды. Бір әйел азаматша 3 жыл шартты түрде, ал ер азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы заңға қайшы кәсіптерін қыздырған азаматтар мемлекетке 466 миллион теңгенің шығынын келтірді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жалған кәсіпкерлік фактілерін байқаған тұрғындарға бірден 46-33-29 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.

 

Бакыт Садуакасов