Құқық қорғау органдары

Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер тәртіп сақшыларының қырағы бақылауында

Осы автобустардың жүргізушілері жол қоғалысы кезінде жиі заңбұзушылықтарға жол береді. Сондықтан, жолаушылардың қауіпсіздігі әкімшілік полиция қызметкерлерінің қырағы назарында.

Шәмшіден Ақышев – Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Полицейлер адам тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерді тексердік. Нәтижесінде көлік басқару кезінде заңбұзушылықтарға жол берген бірнеше автобус жүргізушілері анықталды.

Рейд барысында полицейлер жол жүру ережесін өрескел бұзған нөмірі 19-шы бағыттағы автобусты анықтады. Қоғамдық көліктің жүргізушісі дөңгелегі әбден тозса да жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Ал бұл тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Осылайша, екі күннің ішінде 9 бағытта жүретін автобустар тексеріліп, 37 заңбұзушылық анықталған. Сондай-ақ, жүрізушілерге техникалық ақауы бар көлікті басқарғаны үшін 24 хаттама толтырылыпты. Машинаны жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесуге қатысты – 4, қауіпсіздік белдігін тақпаған 3 жүргізушіге әкімшілік хаттама рәсімделген.

Бақыт Сәдуақасов