Қоғам

“Түбіртек талап етіп, азаматтық ұстанымыңды таныт” акциясының қазан айындағы жеңімпазы анықталды

Талғат Салкеев – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл шараның басты мақсаты, ол – салық төлеушілердің мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтың көлемін арттыру, және тұтынушылардың құқығын қорғау. Бүгінде мемлекетік кірістер департаментінің сайтына жеті мыңнан астам түбіртектік суреті жолданды. Бұл тұрғындардың шараға белсенді қатысуы деген сөз.

Қорытынды жарияланбай тұрып ең әуелі теріскейліктермен шағын ойын ойнатылды. Жиналған жұртқа жеке кәсіпкерлер, салықтар және ұйымдастырылған акция жайлы сұрақтар қойды. Дұрыс жауап берген адамға сыйлық ретінде мемлекеттік кірістер департаментінің суреті бар қаламдар мен саптыаяқтар берілді. Сонымен, шара өзінің шарықтау шегіне де келіп жетті. Дүйім жұрт бас жүлде кімге ілігетінін тағатсыздана күтуде. Ал жеңімпаз сандар генераторының көмегімен анықталды. Сонымен бас жүлде – шағын айпадты Наталья Степаненко иеленді.

Наталья Степаненко – акция жеңімпазы:


–  Мен түбіртектерді қыркүйектің басынан жинай бастадым. Санын білмеймін, барлығын суретке түсіріп жолдап отырдым. Қорытынды жарияланады дегенді естіп келдім. Жеңімпаз боламын деп күтпеп едім.

Жалпы бүгінгі күні теріскейліктер шара барысында 7 мың 300 түбіртектің суретін жолдапты. Ал бұл акция қарашаның 30-на дейін жалғасатын болады.

 

Риат Шони