Спорт

Кекушинкай каратэден қала біріншілігі өтті

Талғат Маркен, Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

– Маған татамиде белдескен ұнайды. Достарыммен бірге 1 жылдан бері қатысып жүрмін.

Жалпы, спорттың кекушинкай каратэ түрімен айналысатын теріскейлік балалардың саны жыл санап артып келе жатқан көрінеді. Оның бір дәлелі – бүгінгі қала біріншілігі. Атап айтсақ, бәскеге Солтүстік Қазақстан мен Көкшетаудан 6 мен 13 жас аралығындағы 200 каратэші қатысып отыр. Олардың барлығы – өз салмақ дәрежелерінде түрлі турнирлардың чемпиондары.

Владимир Витченко, Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ федерациясының СҚОФ директоры:

 

– Қатысушылардың арасында жаңадан келгендер жоқ. Қатарларында спорттың бұл түрімен 8 жыл бойы шұғылданып жүргендер де кездеседі. Айта кеткен жөн, жалпы СҚО-да мыңнан артық караэші бар. Ал, бүгінгі турнир республикалық сындарда өңір намысын қорғайтын шын мықтыны анықтау үшін ұйымдастырылды.

Қорытынды бойынша барлық жеңімпаздар медаль және дипломдармен марапатталды. Олар енді 2016 жылы өтетін ел чемпионатына дайындалмақ.

Акбопе Танирберген