Әр түрлі

Тиынға құмар нумизмат

Сергей Андрющенко – нумизмат:

– Мен шақаларды балалық шағымнан бастап жинадым. Бастапқы кезде монеталар түрлі тақырыпта болды. Уақыт өте келе, теңіз флоты тақырыбын таңдадым. Шақаларды жинау мен үшін өте қызық.

Нумизматтың коллекциясындағы ең көне монета “Виктория” деп аталады. Ол 19-шы ғасырдың 62-ші жылы Ұлыбританияда соғылған екен. Сондай-ақ, күмістердің топтамасында “1-ші Петр” медалі ерекше көзге түседі.

– Бұл – медаль. Ол Ресейдегі әскери-теңіз флотының 300 жылдығына соқтырылыпты.

Нумизмат шақаларға ерекше күтім қажет дейді. Тиындардың ескірмей, әрқашан осындай жылтыр күйін сақтап қалу үшін оларды арнайы қобдишаға салады екен.

Сергей Андрющенко – нумизмат:

– Көбіне, нумизматтар өз шақаларын арнайы альбомда сақтайды. Ал, мен болсам қобдиша жасап қойдым. Онда монеталарды салатын ұяшығы бар. Ол өте қолайлы.

Жерлесіміздің теңіз, кеме тақырыбындағы шақалар коллекциясы бұнымен
таусылмайды. Сергей Андрющенконың қадір тұтатын тиындар қорында Түркістанның 1500, Қазақстан – Мыңжылдық деп аталатын және Ұлы Отан соғысының 55 жылдығына арналған мерейтойлық 50 теңгеліктер бар.

 

Берик Касен