Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тайынша ауданында баспасөз туры ұйымдастырылды

Агроқұрылымда 97 бірлік ауыл шаруашылық көліктері бар екен. Олардың жартысынан астамы заманауи астық кешендері. Техниканың барлығы биылғы жылғы орақ науқанына қатысыпты. Соның арқасында серіктестік 30 мың гектарға жуық алқапқа себілген астықты шашау шығармай жинап алған.

Александр Кобзев – “Жаркуль” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстары ауа-райына байланысты кеш басталғандығы белгілі. Соған қарамай біз астықты уақытылы сеуіп бітіру үшін іске білек сыбана кірістік. Жаз айларында алқаптарымызда зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Соның арқасында гектар басынан 16 центнерден өнім алдық. Бидайдың сапасы үшінші, төртінші сыныпты.

Осыдан соң баспасөз-туры қатысушыларының сапары Рощинское ауылдық округы құрамына кіретін егістік алқапта жалғасты. Онда журналистерді жергілікті 12 агроқұрылым жетекшілері қарсы алды. БАҚ өкілдері серіктестік иелеріне өздерін қызықтарған сұрақтарын қойды.

Орал Алдабергенов – “Ковыльное” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Тайынша ауданыда орылмаған астық қалғанын естіген жоқпын. Біздің Рощин ауыл округының кәсіпкерлерінің барлығы егінді алыр бітірді.

Сондай-ақ баспасөз-турына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік ииспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков қатысты.

Боран Рахымбеков – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

 

– Біз жыл сайын Қазақстан ғарыш сапары корпарациясынан аэрокосмостық суреттемелерді аламыз. Сол мәліметтерге сүйенсек біз тұрған мына алқаптарда орақ науқаны 100 пайыз толығымен аяқталды деген ақпарат бар бізде.

Жалпы СҚО биылғы жылы 3 млн 210 мың гектардан аса алқапқа астық себіліпті. Содан өңір диқандары 5 млн 425 мың тонны алтын дәнді қамбаға құйыпты. Облыс бойынша гектар берекелігі 16,9 центнерден айналған.

Култанов Байболат