Спорт

Петропавлда полицейлер мен ТЖД қызметкерлері арасында самбодан жарыс өтті

Жанат Сақтенов – СҚО ІІД кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

– Жарысқа облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттері, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қатысуда. Сондай-ақ, ауданнан келген құрамалар да бар. Барлығының да жоғары дайындықпен келгендері байқалып тұр.

Жаслан Хұсайынов бүгінгі белдесуге зор дайындықпен келген. Жыл сайынғы өткізілетін бұл шарадан ол қалыс қалған емес. 1-ші разрядты палуан былтыр 3-ші орынды иеленті. Бұл жақсы көрсеткіш жұмыстан тыс спортпен шұғылданудың арқасы дейді полиция қызметкері.

Жаслан Хұсайынов – учаскелік полиция инспекторы, Ақжар ауданы:

– Жұмыстан тыс спортпен шұғылданамын. Аптасына 3 рет жаттығуға барамын.

Жарысқа облыстық, қалалық және аудандық 18 команда жасақталған. Барлығы да жүлделі орыннан дәмелі.

Алтынбек Қамытаяқов – учаскелік полиция инспекторы, Жамбыл ауданы:

–  Жыл сайын қатысамыз. Жүлделі орынға ие боламыз. Бүгін де марапатпен кететінімізге сенімдімін.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Айгерим Ержанова