Спорт

Солтүстікқазақстандық кикбоксшы қыз әлем біріншілігіне жолдама алды

Жадыра Ахмадиева, кикбоксинг бойынша ҚР спорт шебері:

– Ел біріншіліктеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Осы жолғы кездесулерім қиын болды. Менің салмақ дәрежемде 5 қыз қатысты. Бәрі де бір-бір өңірдің мықтылары. Алайда, тыңғылықты жаттығу мен бапкерлердiң айтқан ақылдарының арқасында 2-ші орын алдым.

Ел біріншілігінде алтын, күміс алқа иеленген кикбокшылар әлем чемпионатына жолдама алды. Әлемнің мықтылары қолғап түйістіретін дүбірлі дода осы айдың соңында Иордания елінде өтеді. Жолдама иегері Жадыра Ахмадиеваны бұл байрақты бәсекеге жаттықтырушысы жатпай-тұрмай дайындап жатыр.

Әділ Нұржаупов, кикбоксингтен облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:


–  Тәрбиеленушім Жадыра алғаш бокс үйірмесіне келіп жүргенде-ақ ерекшеленіп тұрды. Спортқа деген ынтасы зор. Көбіне ұлдарды дайындаймын. Ал, ол нәзікжанды -жалғыз шәкіртім. Менің үмітімді ақтап, жеңістерге жетіп жүр. Осы жолғы додада қос спортшымыз Нұрлан Алдабергенов пен Айдар Жүнісов 3-орынды жеңіп алды. Ал, Жадыра Ахмадиеваны әлемдік бәсекеге дайындадамыз.

Айту керек, Жадыра Ахмадиева – әйелдер арасында әлем біріншілігіне жолдама алған өңіріміздің алғашқы спортшысы.

 

Акбопе Танирберген