Спорт

Өңірде “Мен чемпион” спорттық жобасының алғашқы кезеңі аяқталды

Дәулет Тоққожин – жарыстың бас төрешісі:

– “Мен чемпион” сайысына арнап біз түрлі сайыстарды ойлап таптық. Барлығыда күрделі. Ең қиыны секіргіште секіру болмақ. Онда барлығы командамен жұмыс істейді.

Сонымен, ойын басталды. Алғашқы сын, ол – баскетбол добын бір нүктеден екіншісіне жеткізу. Бұл сайыста төрт команда ойыншылары алдарына жан салар емес. Бірақ, бабы мен бағы қатар шапқан “Атлеттер” жеңімпаз атанды. Ал келесі сын барлығына оңай болған жоқ. Мұнда тек капитандар мықтыны анықтады. Олар велосипедпен белгіленген жерге дейін көп уақыт жұмсап жету керек. Ал аяғын жерге тигізіп қойса онда 5 секундтан алынып отырады.

Жалпы “Мен чемпион” ойыны Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет өткізілуде. Бұл жоба мұндағы барлық студенттерді тәнті қылды. Олар бүгін өз командаларына үлкен қолдау көрсетуде.

Соңғы сын – арқан тартыс. Бұл сайыста барлығы бір-біріне дес бермегенімен “Стрела” командасы үздік атанды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті “Качки” командасы тұйықтады. Күміс жүлдені “Атлеттер” иеленсе, “Стрела” құрамасы алтыннан алқа тағынды.

Самат Сагденов – “Стрела” командасының капитаны:

 

– “Мен чемпион” жобасы біздің мектепте алғаш рет ұйымдастырылды. Бұл спорттық сайысқа біздің команда 8-ші “В” сыныбының студенттерінен жасақталған “Стрела” командасы мықтап дайындалды. Өздеріңіз көргендей, тынымсыз еңбектің арқасында жеңімпаз атандық. Сайыс оңай болған жоқ. Қарсыластар мықты. Бірақ, біз олардан басым болдық.

Жалпы бұл күні “Мен чемпион” жобасының алғашқы кезеңі өз аяғына жетті. Соңғы күні сайыс облыс орталығында екі мектепте өтті.

Риат Шони