МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Серік Мұхамедиев – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:


–  «Өскемен дорстрой» компаниясы жұмысты дұрыс атқармады. Олар 1 бағыт бойынша жол жөндеген болатын. Шаруа сапалы жасалмағандықтан біз нысанды қабылдамадық. Қазір кәсіпорынды сотқа бердік.

Бұл салаға көп қаржы жұмсалғандықтан жиналғандар тиісті ведомство басшылығына түрлі сұрақтар жаудырып, өз ұсыныстарын жеткізді. Олар жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмас үшін нысанды қабылдау шараларында жіті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, оған кеңес мүшелерін қосу қажеттігін айтты. Бұдан кейін кездесуде өзге де мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сөз болды. Бұл ретте прокурорлар «Қолжетімді баспана-2020» жобасы бойынша жас отбасыларға берілетін үйлерді тексерген. Яғни, құзырлы орган өкілдері үйге кезектің дұрыс жылжуын бақылауға алыпты. Мұнда да бірқатар заңбұзушылықтар табылды.

Асхат Ауқатова – СҚО прокуратурасы 1-ші басқармасының бөлім басшысы:

– «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша балы толық емес жанұялар керісінше, балы жетіп тұрған азамматтардан бұрын баспана алып келген. Біз бұл мәселені қарастырып, қазір кезектен шегеріліп тасталған отбасылар пәтерлі болды. Мұндай заңбұзушылыққа жол бергені үшін тиісті мекеме басшылары жазаланды.

Ал балабақшамен қамту бағытында, бармақ басты көз қыстылыққа жол беру фактілері тіркелмепті. Бүгіндері бұл мәселенің өзекті екендігі белгілі. Қазіргі таңда 3-тен 6 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам балғын балабақша кезегінде тұр.

 

Магжан Ахмадина