МТРА жаңалықтары

СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Жиын барысында теріскейліктер тиісті сала мамандарына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоя алды. Негізінен олар әскерге шақыру жасынан асқаннан кейін билетті қалай алуға болады? Және шақыру қағазын алып, уақытында әскери комиссариатқа келмеген жағдайда қандай жаза қолданылатындығын сұрастырды. Барлығы осы сынды 10-ға жуық сауал қойылды. Александр Фарзалиев бала кезінен әскерде Отан алдындағы борышын өтегісі келетін азаматтардың қатарынан. Ер жігіт бүгін өзін толғандырып жүрген сұрақтың жауабын алды.

Александр Фарзалиев:

– Менің анам мен 12 жастағы сіңілім бар. Яғни, отбасымда жалғыз асыраушы болғандықтан мені әскерге алған жоқ. Бірақ, мен әскерге барғым келеді. Осы мәселені қалай шешуге болатындығын сұрадым. Маған өтінішті нотариуста куәландырып, отбасымда қанша адам бар екендігі жөнінде анықтама әкелсін деді. Осыдан кейін Отан алдындағы парызымды өтеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Риат Шони