Владимир Цыганов – «ПАМЖЗ» АҚ сандық бағдарламалармен басқарылатын станоктар операторы:
– Бірінші келгенде инженер-технолог болып орналастым. Кейін станок операторы болдым. Жұмысым өзіме ұнайды. Бүгінде жаңа аппараттардың көмегімен жылу алмасу құрылғыларын әзірлеудеміз. Жалақыны тұрақты түрде, уақытылы аламыз. Балам да менің ізімді қуып, мұнда келді. Оның жұмыс істегеніне де 17 жыл болыпты.
Петропавл ауыр машина жасау зауыты тұрақты түрде дамып келеді. Жыл соңына дейін мұнда мұнай-газ өнеркәсібі үшін шамамен 5 млрд. теңгенің қондырғысы шығарылады деп жоспарланып отыр. Айту керек, соңғы жылдары аталмыш кәсіпорында 150 бірлік құрылғы жаңартылған екен.
Қазір мұнда 1100 адам тұрақты еңбек етеді. Кеңестік заманда қорғаныс саласына ғана жұмыс істеген кәсіпорында бүгінде өнімнің 70-тен астам түрі шығарылады. Олардың барлығы да нарық талабына сай болғандықтан, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сол себепті ПАМЖЗ «Алтын сапа» байқауына қатысуға ниеттеніпті.
Владимир Ковшов-«ПАМЖЗ» АҚ бас директордың бірінші орынбасары:
– Біздің кәсіпорын «Алтын сапа» байқауына үнемі қатысады. Биыл да шет қалмадық. Бұл сайыста ПАМЖЗ-ы жеңеді деп сенемін. Өйткені біздің тауар жоғары сұранысқа ие. Барлық стандарттарға сай келеді. Бәсекеге де қабілеттіміз. Тапсырыстар да көп. Бүгінде Жапон-Қытай елдерімен жасалған келісімшарттағы талаптарды толығымен орындау үшін күні-түні жұмыс істеудеміз. Бұл 440 млн теңгенің жобасы. Сондай-ақ, жылу агрегаттарын жасауға да тапсырыс алдық.
Айту керек, аталмыш сайысқа кәсіпорын осымен 3-ші мәрте қатысып отыр.
Айгерим Ержанова