МТРА жаңалықтары

Петропавлда заман дерті экстремизм тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ал, 2 қылмыстық оқиға әлеуметті желілер арқылы түрлі ұлттар арасына іріткі салғандарға қатысты қозғалыпты. Мамандардың айтуынша көбінесе мұндай жағдайларға әліптің артын бақпаған жастар ұрынады екен. Бірі аңғалдықтан тәртіп бұзса, енді бірі қоғамдағы бұзақы топтардың әсерінен шалыс қадам басатын көрінеді.

Айгүл Әміренова – СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Бүгінгі ұйымдастырылған жиынның маңызы зор. Өйткені, осындай басқосулар арқылы біз жастарға қоғамдағы келеңсіз жағдайларды ашық айтамыз. Үстіміздегі жылы ұлтаралық келісімге іріткі салуға байланысты екі факті тіркелді. Тәртіп бұзған қылмыскерлер қолға түсті. Қазір олардың бірі темір торға тоғытылған, екіншісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бүгіндері әлемнің бірқатар елдерінде террорлық актілер бұрқ ете қалып жатқанда біздің өңірімізде қуанышқа орай, мұндай жағдайлар әлі тіркелген жоқ. Бұл әрине, тұрғындардың діни сауаттылығының жоғары екенін көрсетеді. Жиында қатысушыларға дәстүрлі діндердің атын жамылып теріс әрекеттерге баратын ұйымдар аталып, олардан аулақ жүру ескертілді.

Олег Синяков – СҚО дін істері жөніндегі басқармасы талдау және әлеуметтану бөлімінің талдаушы-сарапшысы:

– Қазіргі күні жастарға теріс ағымда жүрген тұлғалар ғаламтор арқылы ықпал етеді. Әсіресе, әлеуметтік желілерде мұндай әрекеттерді жиі байқауға болады. Сондықтан, өскелең ұрпақ осы жағын ескерсе деймін. Ал көшеде таныс емес адам келіп дінге қатысты әңгіме қозғаса бірден теріс айналып кеткен жөн.

Жиынға қатысушылар шара қонақтарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

 

Култанов Байболат